Заңсыз көші-қон арнасының жолын кесу туралы

Заңсыз көші-қон арнасының жолын кесу туралы

2023 жылғы 17 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 394-бабының 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру).

Қылмыстық іс бойынша жан-жақтылық, толықтылық пен объективтілікті қамтамсыз етуге бағытталған бірқатар тергеу амалдары жүргізілді.

Бұл әрекеттер ұйымның коммерциялық және өзге жұмысына кедергі келтірмейді.

Ешкім де ұсталмады.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес жария етілмейді.

 

ҰҚК баспассөз қызметі