«Қалқан-2023» жедел оқу-жаттығуына қатысты

«Қалқан-2023» жедел оқу-жаттығуына қатысты

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2023 жылғы 29 мамыр мен 2 маусым күндері Шымкент қаласы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарының аумағында  «Қалқан-2023» жедел оқу-жаттығуын өткізді.

Іс-шара үш кезеңде ҰҚК, Қорғаныс, Ішкі істер және Төтенше жағдайлар министірліктерінің, сонымен қатар, Ұлттық ұлан бөлімшелерінің және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен іске асырылды.

Оқу-жаттығу барысында мемлекеттік органдардың кризистік жағдайлар туындағанда, террорлық және діни-экстремистік ұйымдардан төнген қауіпті бейтараптандыру, сонымен қатар арнайы шекаралық операцияларды жүргізудегі нақты әрекеттері пысықталды.

Қорытындысы бойынша құзыретті органдардың кризистік жағдайларға қарсы бірігіп әрекет ету мен әзірлігін жоғарылатуға бағытталған шаралар қабылданды.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі