Есірткі бизнесімен күрес шаралары туралы

Есірткі бизнесімен күрес шаралары туралы

Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі тасымалының арналары мен таралу жолдарына тосқауыл қою бойынша кешенді шараларды іске асыруда.

ҰҚК жыл басынан  79 есірткіге қарсы  операция өткізді. Оның ішінде  бірқатар операциялар Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Индонезия, АҚШ және Австралияның құзыретті органдарымен бірге жүргізілді.

14 халықаралық және 19 өңірлік есірткі трафиктерінің арналары жойылды.

Заңсыз айналымнан 671.1 кг психотроптық заттар (оның ішінде 176 «LSD» және «MDMA» таблеткалары), 11 келі героин, 57.8 келі апиын, 164.6 келі гашиш, 590.6 келі марихуана, 100 метадон таблеткалары, 21 тоннадан астам көкнәр шикізаты, сондай-ақ 44.8 тоннадан астам химиялық реагенттер алынды.

 

 

Психотроптық заттар өндіретін 17 ірі жасырын цехтың жұмысы тоқтатылды, 440 келі «синтетика» тәркіленді.

Тек соңғы айда 3 халықаралық және 2 өңірлік есірткі арналарының  жолы кесілді. Бір есірткі зертханасы жойылды. Заңсыз айналымнан 368.8 келі есірткі және 500 келі химиялық прекурсорлар алынды.

Азаматтарды халықаралық есірткі бизнесінің кері әсерінен қорғау бойынша іс-шаралар жалғасуда.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі