ҚР ҰҚК Академиясы курсантының қаза болуы туралы

ҚР ҰҚК Академиясы курсантының қаза болуы туралы

2023 жылғы 30 сәуірде Қазақстан Республикасы ҰҚК Академиясының жатақханасында 3-ші оқу жылы курсантының денесі табылды. Өлімнің себебі – өзін-өзі өлтіру.

Бостандық аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-бөлігі (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Марқұмның отбасы мүшелеріне қажетті қолдау көрсетілуде.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі