Мемлекеттік қызметкерлерге кибергигиена негіздерін оқыту туралы

Мемлекеттік қызметкерлерге  кибергигиена негіздерін оқыту туралы

Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік кеңесі мен ҚР Цифрлік даму, инновация және аэроғарыштық өнеркәсібі министірлігінің тапсырмасына сәйкес, 2022 жылғы үшінші және төртінші үшайлықтарында ҰҚК Академиясы негізінде ҚР мемлекеттік органдары мен ұйымдары қызметкерлерінің барлық санаттарына арналған «Ақпараттық қауіпсіздік (кибергигиена)» тақырыбында алғашқы әзірлік курстары ұйымдастырылып, өткізілді.

Кибергигиена – бұл қолданушылар мен ұйымдарға интернеттегі жұмыс барысындағы бұзушылықтар санын төмендетуге, желілік қауіпсіздікті жоғарылатуға және жүйенің жұмыс істеу қабілетін қамтамасыз етуге көмектесетін қауіпсіздікке бағытталған ойлау мәнері және әдеттер жиынтығы. 

Кибергигиенаның концепция ретіндегі өзектілігі Covid19 пандемиясы басталған сәттен, яғни қашықтықтан жұмыс істейтіндер санының артуы салдарынан киберқылмыстардың көбеюімен қатар жоғарылады.

Курс қатысушылары (720 адам) компьютерлік қылмыстардың негізгі түрлерін зерделеп, интернет желісіндегі байланыстар кезіндегі қауіпсіздік шараларын, әлеуметтік инжиниринг әдістерін және киберқауіпсіздік оқиғаларын басқару алгоритмдерін   зерттеді. Киберкеңістіктегі ең өзекті деген қауіптер бойынша білім алды («фишинг», мақсатты жүйелік шабуылдар, DDOS-шабуылдар және т.б.).

Интерактивті вебинарлар тыңдаушыларға тәлімгерлермен жедел әрекеттесуге, сонымен қатар киберқауіпсіздіктің маңызды аспектілері бойынша өткір пікірталастар және онлайн режимде бақылау тестерін өткізуге мүмкіндік берді.

Ағымдағы жылы ҰҚК Академиясы ҚР мемлекеттік органдары мен ұйымдарының қызметкерлерін онлайн-форматта оқыту жұмысын жалғастыруды жоспарлауда.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі