Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының отырысы туралы

Қазақстан Республикасы Терроризмге  қарсы орталығының отырысы туралы

2023 жылғы 12 қаңтарда Астана қаласында ҰҚК Төрағасы Е. Сағымбаев Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының кезекті отырысын өткізді.

Консультативтік-кеңесші органның жұмысына орталық мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

Террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру сұрақтары қарастырылды.

Орталықтың 2022 жылғы жұмысының қорытындылары шығарылды және 2023 жылға арналған бірінші кезектегі тапсырмалар айқындалды.

ТҚО отырысының нәтижелері бойынша бірқатар хаттамалық шешімдер қабылданды.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі