Заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыру арнасының жолын кесу туралы

Заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыру арнасының жолын кесу туралы

2022 жылғы шілде айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті кәсіпкерлік субьектілеріне заңсыз жолмен 135 млрд. теңге сомасындағы қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру және салық төлеуден жалтаруға ұзақ уақыт бойы көмектесіп келген адамдарға қатысты ауқымды қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

Заңға қайшы іс-әрекетке 300 адам, оның ішінде шетелдік азаматтар бар және 500 жуық жалған компаниялар мен 5 мың контрагенттер тартылған болып шықты.

А.ж. 5 желтоқсанда Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық соты осы іске қатысы бар 20 фигурантты ҚР ҚК 216-бабы 3-тармағы және 28-245-бабы 3-тармағы бойынша кінәлі деп танып, әр-түрлі жаза мерзімдеріне соттады.     

Осы қылмысты тергеудің тәжірибесі Қазақстан Республикасындағы көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстың алгоритмін жасап шығаруға мүмкіндік берді.

Жалпы алғанда, Ұлттық қауіпсіздік комитеті қолданған шаралар оң әсер етіп, еліміздегі қаржыны заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыру деңгейін төмендетуге жағдай жасады. 

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі