Сот үкімі туралы

Сот үкімі туралы

2022 жылғы 21 қарашада терроризмді насихаттау фактісі бойынша Теміртау қаласының тұрғыны «Д.Ш.»-ға қатысты Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының айыптау үкімі заңды күшіне енді.

Тергеу және сот оның жергілікті тұрғындар арасында, сондай-ақ әлеуметтік желілерде радикалдық діни идеологияны таратқанын анықтады.

Қылмыстық іс материалдарымен оның кінәсі толық дәлелденді. Ол 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Фигурантта ауыр қылмыс жасағаны үшін соттылығы болған.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі