Мемлекеттік шекараны бұзушылар ұсталды

Мемлекеттік шекараны бұзушылар ұсталды

2022 жылғы 22 қазанда «Жасөркен» шекара бөлімшесінің учаскесінде бірлескен жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ҰҚК Шекара қызметі департаментінің әскери қызметшілері мен ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Қырғыз Республикасынан Қазақстан Республикасына Мемлекеттік шекараны бұзған төрт шетелдік азаматты ұстады.
Осы факт бойынша құзыретті органдар жедел-тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі