Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының отырысы туралы

Қазақстан Республикасы Терроризмге  қарсы орталығының отырысы туралы

2022 жылғы 7 қазанда Астана қаласында ҰҚК Төрағасы Ермек Сағымбаев Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының отырысын өткізді.

Консультативтік-кеңесші органның жұмысына мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарының бірінші басшылары қатысты.

Терроризм профилактикасы бойынша өңірлік терроризмге қарсы комиссиялар жұмысының жағдайы қаралды.

Террористік тәуекелдер мен қауіп-қатерді азайту бойынша кешенді шаралар талқыланды.

Мемлекеттік органдардың азаматтарды, оның ішінде террористік іс-әрекетке қатысы бар тұлғаларды анықтау мақсатында міндетті дактилоскопиялық тіркеуді жүргізуге даярлығына аралық қорытынды жасалды.

ТҚО отырысының нәтижелері бойынша бірқатар хаттамалық шешімдер қабылданды.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі