Есірткі заттарын өткізу әрекетінің жолы кесілді

Есірткі заттарын өткізу әрекетінің жолы кесілді

2022 жылғы 7 қыркүйекте шекарашылар Түркістан облысы «Сарыағаш» темір жол өткізу пунктінде құны 1 млн. теңгеден асатын «Трамадал» медициналық препаратының 690 таблеткасын заңсыз алып өту әрекетінің жолын кесті.

Аталған дәрілік заттар Өзбекстан Республикасына бағыт алған жүк вагондарында өткізілмек болған.

Шекарашылардың қырағылығы және арнайы үйретілген «Кайла»  атты иттің көмегімен контрабандалық жүк анықталды.

Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.  

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі