Терроризмге қарсы «Достастық-Антитеррор 2022» оқу-жаттығуы туралы

Терроризмге қарсы «Достастық-Антитеррор 2022»  оқу-жаттығуы туралы

2022 жылғы 29 мен 31 тамыз аралығында Батыс Қазақстан облысы аумағында мемлекеттік жүйенің шарты терроризм актілеріне қарсы әрекет ету тиімділігін тексеруге бағытталған терроризмге қарсы оқу-жаттығу іс-шаралары өткізілді.

Іс-шара «Достастық-Антитеррор 2022»  ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің құзырлы органдарының терроризмге қарсы бірлескен жаттығулары аясында ұйымдастырылды.

Жаттығу  Достастық елдердің қауіпсіздік органдары мен арнайы қызметтерінің бірлескен іс-қимыл алгоритмдері мен терроризм актілерінің қауіптеріне қарсы алғашқы іс-әрекеттерін және ҚР құзыреті бойынша мемлекеттік шұғыл әрекет ету қызметтерімен өзара хабар алмасуды пысықтауға мүмкіндік береді. Тәжірибе жүзінде тактикалық іздестіру мен кепілдікке алынған адамдарды босату және «шартты» террористерді бейтараптандыру дағдылары іске асырылды.

«Достастық-Антитеррор-2022» бір мезгілде Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан аумағында өткізілуде.

 

ҰҚК баспасөз қызметі