Курсанттардың ант қабылдауы туралы

Курсанттардың ант қабылдауы туралы

2022 жылғы 27 тамызда Алматы облысы «Қараой» далалық оқу орталығында ҰҚК Академиясы мен Шекара Академиясының бірінші курс курсанттарына арналған ант қабылдау рәсімі өткізілді.

Салтанатты іс-шарада ҰҚК және жоғары оқу орындарының басшылығы,  сондай-ақ қатысушы ата-аналар курсанттарды өмірлеріндегі айтулы күндерімен құттықтады. Өз тілектерінде алдағы қызметте отансүйгіштік пен жоғары кәсіпқойлықты ту етіп ұстауды ерекше тапсырды.

Іс-шара курсанттардың салтанатты парадтық маршымен аяқталды.

 

ҰҚК баспасөз қызметі