Астанадағы арнайы операция: есірткі арнасы жойылды

Астанадағы арнайы операция: есірткі арнасы жойылды

2022 жылғы 26 шілдеде ҰҚК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті аса ірі көлемдегі психотропты заттарды сатуға қатысы бар күдікті «А» есімді елордалық тұрғынды ұстады.

Процессуалдық іс-шара барысында заңсыз айналымнан 1,5 кг «мефедрон», 1,4 кг «альфа-PVP» және 659 таблетка МДМА («экстази» деп айтылатын) тәркіленді.

Тергеу есірткіні астанамыздың орталығында жалдамалы пәтерде орап, Интернет онлайн алаңы арқылы тұрақты түрде сатылғанын анықтады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу жүргізілуде, 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі және психотроптық заттарды заңсыз таратуға қарсы жұмыстарды жалғастыруда.

 

ҰҚК баспасөз қызметі