ҰҚК Шекара қызметі әскери қызметшіcінің қазасы туралы

ҰҚК Шекара қызметі әскери қызметшіcінің қазасы туралы

2022 жылдың 27 шілдесінде ҰҚК ШҚ Жамбыл облысы бойынша департаментінің офицері Азат Үмбетұлы Қордай аудандық орталық ауруханасында қайтыс болды. Өлімнің алдын ала себебі миға қан кетуімен байланысты екен анықталды.

Аталған факті бойынша ҚР ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

ҰҚК Шекара қызметінің басшылығы мен жеке құрамы туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады, қажетті көмек көрсету шараларын қабылдауда.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі