ТҮРКОН 24-ші отырысының қорытындысы

ТҮРКОН 24-ші отырысының қорытындысы

2022 жылғы 26 шілдеде Қырғыз Республикасының Шолпан-Ата қаласында Қазақстан Республикасы ҰҚК Төрағасы генерал-лейтенант Е. Сағымбаев бастаған делегация Түркі мемлекеттерінің арнайы қызметтері конференциясының 24-ші отырысының жұмысына қатысты.

Сонымен қатар шараға Әзірбайжанның СБҚ және МҚҚ, Қырғызстанның ҰҚМК, Өзбекстанның МҚҚ, Түркияның ҰБҰ арнайы қызметтерінің басшылары және бақылаушылар ретінде - Ресейдің СБҚ және ФҚҚ, Венгрияның Ақпараттық кеңсесінің өкілдері қатысты.

Жаһандық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері, Ауғанстан мен Таяу Шығыстағы ахуалдың дамуы аясында арнайы қызметтердің халықаралық терроризм мен діни экстремизмге қарсы күрестегі өзара іс-қимылын одан әрі күшейту жолдары талқыланды.

Делегация басшыларының Қырғыз Республикасының Президенті С. Жапаровпен жеке кездесуі өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша Қорытынды құжатқа қол қойылды.