Есірткі зертханасы қызметінің жолын кесу туралы

Есірткі зертханасы қызметінің жолын кесу туралы

ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті жасырын заңсыз ірі есірткі зертханасының көзін жойды.

Операция барысында «Альфа-PVP» синтетикалық есірткісін қолдан жасау және интернет-ресурсы арқылы Алматы қаласы және ҚР басқа да өңірлеріне сатуды ұйымдастырған 2 азамат ұсталды.

Қабылданған шара нәтижесінде, 2022 жылғы 29 маусымында Алматы қаласы мен қала маңайында шамамен 16 келі «Альфа-PVP», кристалдану сатысындағы 15 келі есірткі, 5 тоннадан астам прекурсорлар мен зертханалық жабдықтар тәркіленді.

Қолға түскен есірткі заттарының «қара нарықтағы» құны жарты миллиард теңгеден асады.

Аталған факт бойынша ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті сотқа дейінгі тергеу материалдарын ҚР ҚК 297-бабы 3-тармағы бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі