Есірткі айналымына қатысты топтың жолын кесу туралы

Есірткі айналымына қатысты топтың жолын кесу туралы

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан мен Қырғызстанның құқық қорғау органдарымен бірлесе іс-әрекет етіп, Орталық Азия елдеріне арналған заңсыз есірткі өндірісімен айналысатын халықаралық есірткі синдикатының жолын кесу бойынша арнайы операцияны жүзеге асырды.

Көп кезеңді жедел іс-шаралар шеңберінде 2022 жылғы 2-3 маусымда Алматы қаласында "альфа-PVP" есірткі затының 17.7 келісін тасымалдау және сақтау кезінде есірткі қылмысына қатысты топтың 4 көмекшісі ұсталды. Ұсталғандардың бірінің тұрғылықты мекен-жайы бойынша психотроптық заттарды өндіретін жерасты зертхана табылды.

Есірткі контрабандалық жолмен Қырғызстанға жіберуге, сондай-ақ Шымкент және Өскемен қалаларында сатуға арналған болып шықты.

Қылмыстық топтың байланыстарын жою үшін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қырғызстанның ІІМ-мен өзара іс-қимылды іске асырды.

Нәтижесінде, 2022 жылғы 5 маусымда Бішкек қаласында жасырын жерден 3 келі есірткі затын алу кезінде Қырғызстанның 3 азаматы ұсталды.

Арнайы операцияның соңғы кезеңі Өскемен және Шымкент қалаларындағы бірмезгілде 3 есірткі курьерінің ұсталуымен аяқталды. Оларды тексеру барысында 2 келі есірткі табылды.

Жалпы терроризмге қарсы операция барысында есірткі қылмысына қатысы бар 10 адам ұсталып, ірі есірткі лабораториясының жұмысы тоқтатылды.

Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 22.7 келіні құрады (68 мың "бір реттік дозаға" тең).

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі іс-шаралар өтуде.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі