Дәрілік заттар әкелудің контрабандалық арнасының жолын кесу туралы

Дәрілік заттар әкелудің контрабандалық арнасының жолын кесу туралы

2022 жылдың 24 маусымында Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізіп жатқан сотқа дейінгі тергеу шеңберінде шетелден жалған өндіріске қажетті шикізат ретінде көрсетілген дайын дәрілік заттардың ірі көлемінің (таблетка түрінде) контрабандалық жеткізу арнасының жолы кесілді.

 

 

Онкологиялық ауруларды емдеу үшін республикамыздың медициналық мекемелеріне жіберетін коммерциялық ұйымдарға арналған контрафактілік өнімдердің үлкен партиясы айналымнан алынды.

 

 

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

 

ҰҚК баспасөз қызметі