ҰҚК Шекара қызметінің бұрынғы басшыларын ұстау туралы

ҰҚК Шекара қызметінің бұрынғы басшыларын ұстау туралы

2022 жылғы 22 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан-Қытай шекара бекеттерінде анықталған билікті асыра пайдалану фактілері бойынша жүргізіп жатқан сотқа дейінгі тергеу шеңберінде бұрынғы ҰҚК Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры генерал-лейтенант Д.А. Ділманов,  Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаменті «Нұр Жолы» шекара бақылау бөлімінің бастығы майор Н. Арысбаев және басқа да адамдар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі