Шекара әскерлері қолбасшылары кеңесінің 84-ші отырысын өткізу туралы

Шекара әскерлері қолбасшылары кеңесінің 84-ші отырысын өткізу туралы

2022 жылғы 18 мамырда Түркістан қаласында Шекара әскерлері қолбасшылары кеңесінің (бұдан әрі – ШӘҚК) 84-отырысы өтті. Биылғы жылы Кеңестің құрылғанына 30 жыл толды.

Іс-шараға Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан шекаралық ведомстволарының делегациялары қатысты.

Отырысқа ТМД-ның өзара іс-қимыл жасайтын органдары – Атқарушы комитеттің, Терроризмге қарсы орталықтың, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің аумағындағы ұйымдасқан қылмысқа және қылмыстың өзге де қауіпті түрлеріне қарсы күресті үйлестіру жөніндегі бюроның, ШЫҰ Өңірлік терроризмге қарсы құрылымы Атқарушы комитетінің және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Хатшылығының өкілдері шақырылған болатын.

Іс-шараның ашылуы кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы генерал-лейтенант Е. Сағымбаев құттықтау сөз сөйледі.

Делегаттар ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сыртқы шекараларын қорғауды ұйымдастырудың өзекті мәселелерін талқылады. ШӘҚК-нің шекаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыру жөніндегі қызметіне және өткізілген бірлескен арнайы шекаралық операцияларға қорытынды жасалды. Алдағы жылға арналған ШӘҚК міндеттері және ақпарат алмасуды жетілдіру, ғылыми-зерттеу және білім беру салаларындағы ынтымақтастықты дамыту тетіктері қаралды.

Отырыс шеңберінде Е. Сағымбаев шақырылған халықаралық ұйымдардың басшыларымен жеке форматта кездесу өткізді.

Отырыс қорытындылары бойынша шекара ведомстволарының басшылары 11 шешімге қол қойды.

Шекара әскерлері қолбасшылары кеңесінің кезекті отырысы Тәжікстан Республикасының аумағында 2022 жылдың екінші жартыжылдығына жоспарланды.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі