Әскери, арнаулы атақтарын беру және мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы

Әскери, арнаулы атақтарын беру  және мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 6 мамырдағы № 890 «Жоғары әскери және арнаулы атақтарын, сыныптық шендер мен біліктілік сыныптарын беру туралы» жарлығымен:

ҰҚК Төрағасы Сағымбаев Ермек Алдабергенұлына ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты арнайы атағы;

Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің быстығы Сәбидолданов Мұхтар Сұлтанбекұлына генерал-майор әскери атағы;

ұлттық қауіпсіздік генерал-майор арнайы атақтары:

Маңғыстау облысы бойынша департаментінің бастығы Әбділманов Марат Мейірханұлына;

Үкіметтік байланыс қызметінің бастығы Жұмағалиев Тамерлан Тельманұлына;

ҰҚК Академиясының бастығы Жүнісов Таңат Рымбекұлына;

Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бастығы Неталиев Рүстем Бекетұлына берілді.

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 30 сәуірдегі № 855 және 2022 жылғы 5 мамырдағы № 885 «Мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы» жарлықтарымен ұлттық қауіпсіздік органдарының 20 қызметкерлері мен әскери қызметшілері марапатталды.