Қолма-қол ақша қаражатын әкетуге жол бермеу туралы

Қолма-қол ақша қаражатын әкетуге жол бермеу туралы

ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын орындау шеңберінде ү.ж. 15 наурызда шекарашылар Алматы қаласының халықаралық әуежайында елден 400 мың АҚШ долларынан астам ақша әкету әрекетінің жолын кесті, олардың бір бөлігі қос түбі бар сөмкеде тексеруден жасырылды.

2022 жылғы 25 қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін ҰҚК Шекара қызметі 900 миллион теңгеден астам сомаға декларацияланбаған қолма-қол ақшаны елден әкетудің алдын алды.

ҰҚК Шекара қызметі шетелге шығу кезінде құқық бұзушылықты болдырмау үшін ҚР қаржы заңнамасының талаптарын сақтау қажеттігін еске салады.

 

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі