Есірткі арналарын жою туралы

Есірткі арналарын жою туралы

2022 жылғы 6 наурызда Атырау қаласында ҰҚК департаментінің қызметкерлері каннабистік топтағы есірткіні өңірлік жеткізуге қатысы бар деген күдікпен үш ҚР азаматын ұстады.

Ү.ж. 7 наурызда, алдын ала деректер бойынша, есірткі арнасының ұйымдастырушысы болған топтың тағы бір қатысушысы ұсталды.

Процессуалдық іс-шаралар барысында заңсыз айналымнан 61 кг-дан артық «марихуана» есірткісі алынды, оның «қара нарықтағы» құны 60 млн. теңгеден артық сомаға бағаланып отыр.

Осы фактілер жөніндегі сотқа дейінгі материалдар ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша СТБТ-ға тіркелді.

Атырау облысының тергеу соты көрсетілген адамдарға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі