Есірткі арнасын жою туралы

Есірткі арнасын жою туралы

2022 жылғы 23 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері Ақтөбе қ. екі ҚР азаматын Интернет-ресурстары арқылы психотроптық заттарды өткізді деген күдікпен ұстады.

Процессуалдық іс-шаралар барысында заңсыз айналымнан 1,7 кг-дан артық «мефедрон» және «α-PVP» психотроптық заттары алынды.

Ү.ж. 25 ақпанда есірткі тобының тағы екі қатысушысы ұсталды, олардан тінту кезінде 2,8 кг-дан артық синтетикалық есірткі алынды.

Сонымен қатар, ү.ж. 2 наурызда Шығыс Қазақстан облысында Алматы қаласынан Өскемен қаласына есірткі тасымалдауға күдікті азамат ұсталды. Тергеу іс-қимылдарында заңсыз айналымнан 1,2 кг психотроптық зат алынды.

Алынған есірткінің «қара нарықтағы» алдын ала құны 114 млн. теңгеден артық сомаға бағаланып отыр.

Осы фактілер жөнінде ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу басталды.

Ақтөбе қ. және Өскемен қ. тергеу соттары көрсетілген адамдарға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі