Ұрланған қаруды алу туралы

Ұрланған қаруды алу туралы

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Тараз қ. жаппай тәртіпсіздіктер барысында ұрланған қару-жарақты табу және алу бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде.

2022 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін қаруы бар 8 «көмбе» табылды.

Арасында «Калашников» автоматы, әртүрлі модификациядағы пистолеттер, тегіс ұңғылы мылтық және «келте мылтық» бар 62 бірлік атыс қаруы, сондай-ақ тротил шашкалары мен 2 мыңға жуық оқ-дәрі алынды. 

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде қару-жарақты ұрлауға қатысы бар адамдарды іздестіру бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі