Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл туралы

Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл туралы

2022 жылғы 4 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қызылорда қ. есірткі құралдарын өсіруге және сақтауға қатысы бар Қазақстан Республикасының үш азаматының құқыққа қайшы әрекетінің жолын кесті. 

Процессуалдық іс-шаралар барысында «гидропоника» әдісімен өсірілген 24 түп апиын көкнәрі, 2 түп сора және 2 кг кептірілген марихуана алынды.

2022 жылғы 8 ақпанда Қарағанды облысында өңірлік есірткі тобының өкілдері ұсталды, олардың екеуі Саран қ. тұрғыны болып табылады.

Топтың есірткі заттарын Қазақстанның оңтүстік өңірлерінен тасымалдап, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Теміртау және Саран қалаларында өткізгені анықталды. 

Қабылданған шаралар нәтижесінде 6 кг гашиш пен
52 кг марихуананың заңсыз айналымға түсуіне жол берілмеді.

Сотқа дейінгі тергеу материалдары ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша СТБТ-ға тіркелді.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі