Есірткі зертханасы мен синтетикалық есірткі жеткізу арнасын жою туралы

Есірткі зертханасы мен синтетикалық  есірткі жеткізу арнасын жою туралы

2022 жылғы 4 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қ. психотроптық заттарды заңсыз жасау бойынша есірткі зертханасын жойды.

Көрсетілген құқыққа қайшы әрекетке қатыстылығы үшін оңтүстік астананың тұрғыны ұсталды. Заңсыз айналымнан шамамен 9 кг мефедрон және «α-PVP» психотроптық заттары алынды, олардың қара нарықтағы құны 149 млн. теңгеге бағаланып отыр.

Басқа зерттеу барысында Алматы қаласында еліміздің батыс өңірлеріне жеткізу үшін арналған 500-ден астам «экстази» таблеткасы жасырылған жөнелтілім анықталды.

Қабылданған шаралар нәтижесінде 2022 жылғы 7 ақпанда ҚР азаматы ұсталды, оның тұрғылықты жері бойынша қосымша 200 г «а-PVP» психотроптық заты алынды.

Сотқа дейінгі тергеу материалдары ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша СТБТ-ға тіркелді.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі