Нұр-Сұлтан қаласында экстремистік топ мүшелерін ұстау туралы

Нұр-Сұлтан қаласында экстремистік  топ мүшелерін ұстау туралы

2022 жылғы 16 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтан қ. сотқа дейінгі тергеу шеңберінде деструктивті діни ағым ұстанушылар тобын құрықтады.

Олар Қазақстан аумағында сот шешімімен тыйым салынған діни ұйымға қатысты және экстремистік әрекет ұйымдастыру үшін адамдарды тартты деп күдіктелуде.

Ұсталғандардың екеуінің жарылғыш заттарды заңсыз сақтағаны және ұрлық үшін сотталғандығы бар.

Тұрғылықты жерлері бойынша тінту жүргізу кезінде экстремистік мазмұндағы әдебиет және басқа да заттай дәлелдемелер алынды.

Тергеу іс-қимылдары жалғасуда.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі