Әкімшілік ғимараттарға шабуыл жасады деген күдікпен бір топ адам ұсталды

Әкімшілік ғимараттарға шабуыл жасады деген күдікпен бір топ адам ұсталды

Қазақстан Республикасы ҰҚК 2022 жылғы 7 ақпанда Алматы қ. жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимараттарына шабуыл жасады деген күдікпен бір топ адамды ұстады.

Тінту барысында олардан Калашников автоматы, оған 158 патрон, танкіге қарсы қол гранатаатқышына 1 ату және 3 снаряд, 2 граната, келте аңшы мылтығы және электрошокер табылып, тәркіленді.

Ұсталғандардың бірі бұрын адам өлтіргені, қарақшылық және ұрлық жасағаны үшін сотталған.

Тергеу және жедел іс-шаралар жалғасуда.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі