Есірткі зертханасын жою туралы

Есірткі зертханасын жою туралы

2022 жылғы 28 қаңтарда Орал қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті «гидропоника» әдісімен марихуананы өсіру бойынша есірткі зертханасының ұйымдастырушыларын ұстады.

Жедел-тергеу іс-шаралары барысында қаладағы жеке үйлердің бірінде екі азамат каннабистік топтың есірткі құралдарын заңсыз өсіргені және сақтағаны анықталды.

Заңсыз айналымнан 17 кг марихуана, 100 түп қарасора мен зертханалық жабдық, сондай-ақ кесілген тегіс ұңғылы мылтық пен травматикалық тапанша тәркіленді.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалы ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша СТБТ-да тіркелді. Сот «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасын санкциялады.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі