Жамбыл облысындағы рейдтік іс-шаралар туралы

Жамбыл облысындағы рейдтік іс-шаралар туралы

ҰҚК Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Мемлекеттік шекарадан екі шақырым жерден атыс қаруы жасырылған орынды тапты. Жасырын жерден 4 тапанша мен 6 бірлік йір ойық және тегіс ұңғылы қару түрлері алынды.

Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

14 қаңтарда «Қордай» (автокөліктік) өткізу пунктінде жеңіл автокөлікпен келе жатқан Қырғызcтанның «С» деген азаматы ұсталды. Тексеру кезінде көліктің жүк бөлігінен 50 дана литерлік мөрлер, 4 дана шетелдік паспорттар мен 20 дана банктік карталар табылды.

Ұсталған азамат Қордай ауданы бойынша АІІБ-ға тапсырылды.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі