ҰҚК Шекара қызметінің Алматы облысында өткізген контртеррористік операциясының ағымдағы нәтижелері туралы

ҰҚК Шекара қызметінің Алматы облысында өткізген контртеррористік операциясының ағымдағы нәтижелері туралы

ҰҚК ШҚ Алматы облысы бойынша департаменті ү.ж. 5 мен 6 қаңтар аралығында Үшбұлақ ауылының маңынан қоғамға қарсы акцияларға қатысы бар деген күдікпен деструктивті діни бағытты ұстануы мүмкін ҚР екі азаматын қолға түсірді. Олардан діни әдебиеттер табылып, қазіргі уақытта ұсталғандардың экстремистік діни ұйымдарға қатыстылығы тексерілуде.

Үлкен Алматы көлінің маңында жеке бастарын куәландыратын құжаттары жоқ «Тойота» маркалы автокөлігін мінген 5 азамат ұсталды. Автокөлікті тексеру барысында: 7 оғы бар 12 калибрлі винчестер, 1 оғы бар травматикалық тапанша, қан жұққан пышақ және 600 000 теңге ақшалай қаражат табылды. Олардың Алматы қаласындағы жаппай тәртіпсіздіктерге және қару-жарақ дүкенін тонауға қатыстары барлығы анықталды.

Сондай-ақ, Кіші Дехан елді мекенінде Алматы қаласындағы тәртіпсіздіктерге қатысқан 19 адам анықталды. Жедел топ ұсталғандармен сұрау жұмыстарын жүргізуде.

7 қаңтарда ҚР ҚК бөлімшелерімен бірлесіп, Алматы және Талдықорған қалаларындағы қоғамға қарсы акцияларға қатысы болуы мүмкін 184, сондай-ақ Мемлекеттік шекараны қорғау саласындағы ҚР заңнамасын  бұзушы 41 адам ұсталды. 13 бірлік атыс қаруы, 185 бірлік оқ-дәрі, 8 ұялы телефон, 900 мың теңгеге жуық ақша қаражаты және 100 мың АҚШ доллары тәркіленді. Ұрланған 1 автокөлік ұсталды.

13 қаңтарда тәртіпсіздіктерге қатысы бар деген күдікпен ҚР 26 азаматы, сондай-ақ қаруды заңсыз сақтағаны үшін ҚР 5 азаматы анықталып, ұсталды. 6 бірлік атыс қаруы тәркіленді.

Шекара қызметінің бөлімшелері тұрақты жауынгерлік әзірлікте және шекара күзеті күшейтілген режимде жүзеге асырылуда.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі