Алматы қаласы және Алматы облысында өткізілген арнайы операциялардың нәтижелері туралы

Алматы қаласы  және Алматы облысында өткізілген арнайы операциялардың  нәтижелері туралы

2022 жылғы 8 қаңтардан бастап Алматы қаласы мен Алматы облысында ҰҚК, Ішкі істер және Қорғаныс министрліктері  мен Ұлттық ұланның арнайы бөлімшелерінен құралған күштері 675 күдіктіні ұстады.

Жеке бастарын тексеру және автомобильдер мен үй-жайларды тінту барысында  демонстранттардың полициядан тартып алған қару-жарақтар, оқ-дәрілер, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жалған құжаттары, өлімге әкеп соқтырмайтын құралдар (жарық-дыбыстық гранаталар, шлемдер, қалқандар, амуниция)  және тоналған мүліктер (тұрмыстық техника, мобильді құрылғылар, киім және т.б.) табылуда.

Барлық азаматтарды құқық қорғау және арнайы органдарға құқықтық тәртіпті тұрақтандыру мен қалпына келтіруде көмек көрсетуге шақырамыз.

 

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі