Шұғыл ақпарат

Шұғыл ақпарат

Үстіміздегі жылғы 6 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 175-бабының 1-бөлігі бойынша мемлекетке опасыздық жасау фактісі бойынша  сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады.

Сол күні осы қылмысты жасау күдігімен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы Төрағасы К.К. Мәсімов және басқа тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.

Өзге ақпарат тергеу мүдделерінде жариялануға жатпайды.