Браконьерлерді ұстау туралы

Браконьерлерді ұстау туралы

2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауда көрсетілген ҚР Президентінің браконьерлікке қарсы күрес жөніндегі шараларды қатаңдату жөніндегі нұсқауын орындау үшін ҰҚК Қызылорда облысы бойынша департаменті облыстық прокуратурамен бірлесіп, киік мүйіздерін заңсыз иемдену және өткізу арнасын ұйымдастыруға қатысы бар қылмыстық топтың құқыққа қарсы әрекетінің жолын кесу бойынша арнайы операция жүргізді.

Дериваттардың ірі партиясын сату әрекеті кезінде қылмыстық схеманы ұйымдастырған өңірдің екі тұрғыны ұсталды. Жалпы салмағы 500 килограмм болатын 2347 киік мүйізі тәркіленді.

Оларды алу үшін браконьерлер 1174 киікті өлтірген. Қылмыстық әрекеттен мемлекетке келтірілген залал 5 млрд. теңгеге бағаланып отыр.

Браконьерлік әрекет нәтижесінде Қазақстандағы киік популяциясына елеулі зиян келтірілді.

Ұсталған адамдарға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде ҚР ҚК 339-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы (жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша құқыққа қарсы әрекеттің өзге де қатысушыларын анықтау, айыпталушыларда киік мүйіздерінің қосымша партияларының болуы бойынша тергеу және жедел іс-шаралар кешені жүргізілуде.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі