Заңсыз қару айналымы арнаның жолын кесу туралы

Заңсыз қару айналымы арнаның жолын кесу туралы

2021 жылғы 8 желтоқсанда ҚР ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша департаменті ҚР ІІМ ҰҰ «Бүркіт» АМБ-ны тарта отырып, Жаңаөзен қаласында атыс қаруын жасауға және өткізуге қатысы бар қылмыстық топты ұстау бойынша арнайы операция жүргізді.

«Калашников» жауынгерлік автоматын сату әрекеті кезінде қала тұрғыны қылмыс үстінде ұсталды, одан бұрын «Макаров» пистолетін бақылау сатып алуы жүзеге асырылған болатын.

Қатысушылардың тұрғылықты жерлерін тінту барысында «Макаров» пистолеті, 2 келте мылтық, оқ-дәрілер, сондай-ақ аса ірі мөлшерде әртүрлі есірткі құралдары («мефедрон», «апиын») тәркіленді.

Ұсталған топ қатысушылары мойындау түсініктерін берді, олардың үшеуіне қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

ҚР ҚК 287 (қаруды заңсыз өткізу және сақтау) және 297 (есірткі құралдарын заңсыз сақтау) баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ұсталғандардың басқа қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Қарудың заңсыз айналымы оны құқыққа қарсы акциялар жасау үшін қылмыстық, экстремистік және террористік ұйымдар өкілдерінің пайдалану қаупінің жоғары болуына байланысты қоғам мен азаматтардың қауіпсіздігіне елеулі қатер төндіреді.  

Атыс қаруының заңсыз айналымы арналарын анықтау және жолын кесу ҚР ҰҚК органдарының басым міндеттерінің бірі болып табылады.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі