«Марихуана» есірткі затының ірі партиясын тәркілеу туралы

«Марихуана» есірткі затының ірі партиясын тәркілеу туралы

ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен ағымдағы жылғы қарашада Алматы қаласы және Алматы облысы аумақтарында каннабистік есірткінің ірі партияларын жеткізу мен өткізуге қатысы бар есірткі құрылымының әрекетін анықтап, жолын кесті.

2021 жылғы 11 қарашада Департамент қызметкерлері Алматы облысынан Алматы қаласына каннабистік топтағы есірткіні жеткізу арнасын ұйымдастыруға қатысы бар «Р» есімді есірткі құрылымы жетекшілерінің бірін ұстады.

Есірткі таратушының автомашинасында, гаражында және тұрғылықты мекенжайында жүзеге асырылған тінту іс-шараларының нәтижесінде шамамен 159 кг «марихуана» есірткі құралы табылып, тәркіленді.

ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу материалдарын ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігіне сәйкес СДТБТ-ға тіркеді.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі