ТТО объектілерін террористік қатерлерге қарсы іс-қимыл шараларын жетілдіру мәселелері бойынша Республикалық конференция өткізілді

ТТО объектілерін террористік қатерлерге қарсы іс-қимыл шараларын жетілдіру мәселелері бойынша Республикалық конференция өткізілді

2021 жылғы 28 қазанда Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының қолдауымен «Kazakhstan Security Systems-2021» қауіпсіздік жөніндегі халықаралық көрме алаңында террористік тұрғыдан осал объектілерді (бұдан әрі – ТТО объектілері) терроризмге қарсы қорғау, сондай-ақ террористік қатерлерге қарсы іс-қимыл шараларын жетілдіру мәселелері бойынша Республикалық конференция өткізілді.

Конференция орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, ғылыми-сараптамалық қоғамдастықтың, бизнес ортаның өкілдерін, сондай-ақ ТТО объектілерінің иелерін, басшыларын және өзге де бейінді қызметкерлерін жинады.

Мемлекеттік органдардың мамандары мен ұлттық қауіпсіздік саласындағы сарапшылар объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының қазақстандық жүйесінің ағымдағы жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады.

Террористік сипаттағы қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қолданыстағы, әсіресе адамдар көп жиналатын объектілер мен білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздік жүйелерінің бара-бар келу мәселелері жеке қаралды.

Ішкі істер министрлігінің сарапшысы күзет қызметін лицензиялау бойынша қабылданған заңнамалық бастамаларды дамытуда террористік тұрғыдан осал объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тартылатын жеке күзет ұйымдарына қойылатын талаптарды жария етті.

Терроризмге қарсы орталық штабы тұрғысынан ағымдағы жылы Үкімет қаулыларымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызудың жаңа қағидалары мен өлшемшарттары, сондай-ақ оларды қорғауды ұйымдастыруға қойылатын талаптар түсіндірілді.

Конференция арнаулы, құқық қорғау органдарының, өңір Әкімдіктерінің жанындағы терроризмге қарсы комиссиялардың бизнес-орта мен қоғам арасындағы тиімді диалогы үшін тұғырнама ретінде қызмет етті.

Осы алаңда терроризмге қарсы іс-шараларды жариялау, оның ішінде терроризмге қарсы операция өткізу кезеңінде мемлекеттік органдар мен БАҚ-тың өзара іс-қимыл деңгейін арттыру үшін журналистерге арналған «Террористік қауіп-қатерлерге ақпараттық ден қоюдағы БАҚ рөлі, сондай-ақ діни экстремизм мен терроризмге қарсы насихат ұйымдастыру» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Конференция материалдары ұйымдастырушының интернет-ресурсында жарияланған.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі