Тәжікстан Елшісі батыр шекарашының анасына «Спитамен» орденін табыс етті

Тәжікстан Елшісі батыр шекарашының анасына  «Спитамен» орденін табыс етті

2021 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасындағы Тәжікстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Ибодзода Хайрулло ерлікпен қаза тапқан шекарашы Раджан Батырқановтың анасы – Қизат Жылқыбаққызы Батырқановаға 1-дәрежелі «Спитамен» орденін табыс етті.  

Анықтама: Тәжікстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 252 Жарлығымен Республика Тәуелсіздігінің 30 жылдығы құрметіне және қызметтік борышын орындау кезінде танытқан батылдығы мен табандылығы үшін Батырқанов Раджан Армияұлы қайтыс болғаннан кейін 1-дәрежелі «Спитамен» орденімен наградталған.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі