Заңсыз көші-қон арнасының жолын кесу туралы

Заңсыз көші-қон арнасының жолын кесу туралы

ҚР ҰҚК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Шекара қызметімен бірлесе Петропавл қаласының тұрғындары ұйымдастырған заңсыз көші-қон арнасының жолын кесті.

 

 

Оған қатысы бар адамдар тұрғын үй пәтерінде жалған құжаттар (026/у нысанына сәйкес диагноз бен емделу мерзімін растау үшін аумақтық амбулаториялық-емханалық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының қорытындылары, шетел медициналық ұйымдарынан емделуге шақыру хаттар, ПЦР-тестілер) жасайтын «жасырын» цех ашқаны анықталды, оларды короновирус пандемиясына байланысты карантиндік шектеулер қолданылған кезеңде Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекараны кедергісіз кесіп өту үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына ақшалай сыйақы үшін ұсынған.

 

 

Жүргізілген тінтулер барысында қазақстандық және ресейлік медициналық ұйымдардың мөрлері, облыстың клиникалық-диагностикалық зертханасы мен емханасының ПТР-тестілерінің қорытындылары алынды.

Осы факт жөнінде ҚР ҚК 394-бабының 2-бөлігі – адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаған заңсыз көші-қон фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі