«Түркістан» кемесіне әскери-теңіз туы табысталды

«Түркістан» кемесіне әскери-теңіз туы табысталды

2021 жылғы 2 қыркүйекте Маңғыстау облысының Баутино кентінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы ұ.қ. генерал-лейтенанты К.Мәсімов «Түркістан» шағын шекара кемесінің экипажына әскери-теңіз туы мен кеме атауы жазылған тақтайшаны салтанатты түрде табыс етті және шекарашылардың мемлекеттің теңіз шептерін қорғау ісіне сәттілік тіледі.

Кеме түркі әлемінің рухани астанасының құрметіне аталып, ағымдағы жылдың 5 мамырында суға түсірілді. Шекарашылар кемесі «Зенит» Орал зауыты АҚ отандық кәсіпорнында құрастырылған.

ҰҚК баспасөз қызметі