Қазақстанда ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің құзыретті органдарының «Каспий-Антитеррор-2021» бірлескен антитеррористік оқу-жаттығуының күштік кезеңі басталды

Қазақстанда ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің құзыретті органдарының «Каспий-Антитеррор-2021» бірлескен антитеррористік оқу-жаттығуының күштік кезеңі басталды

2021 жылғы 2 қыркүйекте ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің құзыретті органдарының «Каспий-Антитеррор-2021» бірлескен антитеррористік оқу-жаттығуының екінші кезеңі шеңберінде «Ақтау» теңіз портының су айлағында теңіз инфрақұрылымы және мұнай-газ саласының «Бұрғылау қондырғысы» және «Кеме» объектілерінде антитеррористік операция өткізілді.

Терроризмге қарсы операцияны (АТО) басқару жөніндегі республикалық жедел штабтың жұмысы көрсетілді, оның басшылығымен бір мезгілде екі объектіде «кепілге алынған адамдарды» босату және «террористерді» бейтараптандыру бойынша арнайы операцияны жоспарлау, дайындау және өткізу мәселелері пысықталды.

АТО-ны басқару жөніндегі республикалық жедел штаб арнайы операцияға қатысу үшін ҰҚК «А» АМҚ және ШҚ, Ұлттық ұланның «Бүркіт», ІІМ «Сұңқар», Қазақстан Республикасы Қорғанысмині арнайы операциялар күштерінің, сондай-ақ Ресей ФҚҚ АМО күштерін тартты.

Оқу-жаттығудың ой-ниеті бойынша, Қазақстан Республикасындағы жағдайды тұрақсыздандыру, мемлекеттік басқару органдарына қысым көрсету және ХТҰ үшін тиімді шешімдер қабылдау мақсатында «террористер» халықаралық бірлескен операциялық компанияның бұрғылау қондырғысына және бортында мұнайшылардың кезекті ауысымы бар жолаушылар кемесіне шабуыл жасауды және оларды қарулы басып алуды жүзеге асырады.

Террористердің қауіп-қатерлерінің ауқымын назарға ала отырып, Қазақстанның құзыретті органдары бірінші кезектегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыруда, «террористер» басып алған объектілерді қоршау және оқшаулау жүргізілуде.

Терроризмге қарсы операцияны басқару жөніндегі республикалық жедел штаб жұмысқа кіріседі. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының арнайы бөлімшелері дабыл бойынша көтеріліп, террористік ықпал ету ауданына жіберіледі. Террористік актінің салдарын жоюға және азайтуға жауапты бөлімшелер дайындыққа келтіріледі.

 

ТМД ТҚО баспасөз бюросы                                                               ҚР ҰҚК баспасөз қызметі