«ТМД елдерінің арнаулы қызметтері «Каспий-Антитеррор-2021» оқу-жатығуында теңіз инфрақұрылымы объектілерін террористік актілерден қорғауды пысықтайды»

«ТМД елдерінің арнаулы қызметтері «Каспий-Антитеррор-2021» оқу-жатығуында теңіз инфрақұрылымы объектілерін террористік актілерден қорғауды пысықтайды»

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының сегіз мемлекетінің аумағында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің «Каспий-Антитеррор-2021» бірлескен антитеррористік оқу-жатығуын іске асыру басталды.

Іс-шараның мақсаты ведомствоаралық және мемлекетаралық өзара іс-қимылды пысықтау, сондай-ақ Достастық елдерінің құзыретті органдарын теңіз инфрақұрылымы мен мұнай-газ саласы объектілерінде террористік актілердің жолын кесу бойынша практикалық іс-қимылға дайындау болып табылады.

Оқу-жаттығудың күштік кезеңі теңіз көлігі объектілерінде террористік актілер қаупін бейтараптандырудың практикалық дағдыларын пысықтаумен Маңғыстау облысы Ақтау қ. теңіз портының аумағы мен су айлағында өтеді.

Оқу-жаттығуда жарылыстарды елестету мен оқсыз ату жүзеге асырылады, осыған байланысты азаматтардан жүргізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарап, сабыр сақтауды сұраймыз.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі