Қостанайлық шекарашылар волейболдан жарыс ұйымдастырды

Қостанайлық шекарашылар волейболдан жарыс ұйымдастырды

Ағымдағы жылдың 29 шілдесінде Шекара қызметінің Қостанай облысы бойынша Департаментінің бастамасымен Қостанай қаласында волейболдан спорттық жарыстар өтті, оған 6 команда қатысты.

Нәтижесінде І орынды «Халық банкі» құрама командасы, ІІ орынды «Қызбел» құрама командасы, ІІІ орынды ҰҚК ШҚД құрама командасы иеленді. Жеңімпаздарға кубоктар мен құрмет грамоталары табысталды.

Ерекше көзге түскен жекелеген ойыншыларға «Үздік шабуылшы», «Үздік байланысшы», «Үздік либеро», «Үздік доп беруші», «Үздік блок-қоюшы» және «Үздік ойыншы» номинациялары бойынша дипломдар берілді.

Спорт - денсаулық кепілі, адамның рухын шыңдап, күш-қайраты мен жеңіске деген  ерік-жігерін тәрбиелейді.

ҰҚК баспасөз қызметі