Шекарашы баланы құтқарды

Шекарашы баланы құтқарды

2021 жылғы 18 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Қаратерек ауылында ҰҚК Шекара қызметі Департаментінің әскери қызметшісі Айдын Тұрсынғазыұлы жерге көмілген су ыдысына құлаған екі жасар баланы құтқарды.

 

Шекара аймағын аралау кезінде баланың дауысын естіп, жылдам көмекке жеткен әскери қызметші сол маңайда болмағанда қайғылы жағдай орын алар еді. Баланы ес-түссіз күйде тапқан А.Тұрсынғазыұлы жасанды тыныс алу және жүрекке жанама массаж түрінде алғашқы медициналық көмек көрсете бастады, содан кейін бала есін жиды. Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты.

 

Осындай қиын жағдайда шекарашының тез шешім қабылдап, кәсіби дайындығының арқасында алғашқы медициналық көмек көрсетіп баланың өмірін сақтап қалды.

 

ҰҚК баспасөз қызметі