ҰҚК Төрағасының кубогы үшін өткізілген республикалық футболдан турнирі аяқталды

ҰҚК Төрағасының кубогы үшін өткізілген  республикалық футболдан турнирі аяқталды

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен күштік құрылымдары қызметкерлері арасында футболдан Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30-жылдығына және Ұлттық қауіпсіздік органдарының күніне арналған үшінші ашық республикалық турнир өткізілді.

Жарысқа 8 команда қатысты: ҰҚК, ҰҚК ШҚ, МКҚ, ІІМ, ҚМ, ҰҰ, ТЖМ, ҚМА.

Турнирдің құрметті қонақтары ретінде Қазақстан Республикасының күштік құрылымдарының басшылары қатысты.

Турнирдің белсенді түрде өткізілуіне Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Қазақстан Республикасының футбол федерациясы тарапынан көмек берілді.

Нәтижесінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрама командасы турнирдің жеңімпазы атанды, екінші орынды Төтенше жағдайлар министірлігі, үшінші орынды - Ішкі істер министірлігінің командасы иелеңді.

Жеңімпаздар мен марапатталушылар кубокпен, медальдармен, грамоталармен және құнды сыйлықтармен марапатталды.

 

ҰҚК баспасөз қызметі