ҰҚК Төрағасының кубогы үшін республикалық футбол турнирі

ҰҚК Төрағасының кубогы үшін республикалық футбол турнирі

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Нұр-Сұлтан қ. ҰҚК «Номад» спорт кешенінің базасында мемлекетіміздің әлеуетті құрылымдары арасында футболдан үшінші жылсайынғы республикалық турнирдің салтанатты ашылуы өтті.

 

 

Жарысқа 8 команда қатысуда: ҰҚК, ШҚ, ІІМ, ҚМ, МКҚ, ҚМА,ҰҰ, ТЖМ.

Құрметті қонақ ретінде ҚР әлеуетті құрылымдарының басшылары, ардагерлер және астаналық балалар футбол клубтарының тәрбиеленушілері қатысты.

 

 

Турнирді ұйымдастыруға Нұр-Сұлтан қ. Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен ҚР Футбол федерациясы жәрдем көрсетті.

 

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі