Шекарашылар-қызметтік биатлоннан халықаралық чемпионаттың жүлдегерлері

Шекарашылар-қызметтік биатлоннан халықаралық чемпионаттың жүлдегерлері

2021 жылғы 24-27 мамыр аралығында Беларусь Республикасының Гродно қаласында ТМД қатысушы мемлекеттер-ведомстволар Спартакиадасы шеңберінде қызметтік биатлоннан халықаралық чемпионат өтті. Жарыс ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің шекарашылары арасындағы достық байланыстар мен ынтымақтастықты нығайту мақсатында өткізілді.

Чемпионатқа ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің шекара ведомстволары мен Беларусь Республикасының күштік ведомстволарының 6 құрама командасы қатысты. Тартысты сайыста біздің шекарашылар жалпыкомандалық үшінші орынға ие болды.

Әскери қызметшілер Макаров тапаншасы мен Калашников автоматынан оқ атумен қатар жүгіруде жарысты. Жарыс екі кезеңде өтті: 1 – ші кезең-жеке біріншілік (Макаров пистолетінен және Калашников автоматынан оқ атумен жеке жүгіру), 2 – кезең-командалық эстафетаны өткізу (1500 метрден 5 адам).

Ағымдағы жылдың шілде айында РФ-да өтетін шекаралық үштік сайыс бойынша ТМД елдерінің халықаралық чемпионатына үздік командалардың қатысуы жоспарланған.

Жарыс қорытындысы бойынша құрама команданың барлық мүшелері грамоталармен, медальдармен, кубоктармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.


ҚР ҰҚК баспасөз қызметі