Мемлекеттік шекараны кесіп өту мәселелері бойынша онлайн-конференция өтеді

Мемлекеттік шекараны кесіп өту мәселелері бойынша онлайн-конференция өтеді

2021 жылғы 26 мамырда сағ. 16.00-де (Нұр-Сұлтан қ-сы уақытымен) ҰҚК Шекара қызметінің @shekaraknbkz Instagram аккауынтында тікелей эфирде Мемлекеттік шекараны кесіп өту мәселелері бойынша онлайн-конференция өтеді.

Сіз Шекаралық бақылау департаменті білікті мамандарынан өз сұрақтарыңызға (посттың төменгі жағына сұрағыңызды қалдырып) тиісті жауап ала аласыз.

 Біздің аккаунтқа жазылуды ұмытпаңыз, осылайша Сіз Мемлекеттік шекараны қорғау мен күзетуге қатысты өзекті жаңалықтарды бірінші болып біле аласыз.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі